Жергілікті тұрғындардың айтуынша, су айдынының жағалауында өлі сазандар, шортандар, алабұғалар, тасбалықтар мен шабақтардың көп мөлшері жиналып қалған.
Ақтөбе облысы Ыбалықрғыз ауданындағы Бірсуат өзенінің арнасында балықтардың жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, су айдынының жағалауында өлі сазандар, шортандар, алабұғалар, тасбалықтар мен шабақтардың көп мөлшері жиналып қалған.
Арнада қалған балықтар қырылып жатыр. Су деңгейі күн сайын төмендеп келеді. Бұл – басқа көздерден су түспейтін шағын арна. Жақын арада тазарту жұмыстары жүргізіліп, қажетті сынамалар алынады, – деп хабарлады Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.
Тобыл-Торғай аралық облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мәліметінше, арнайы пайдаланушыларға бекітілмеген су айдындарының сақталуы мен жағдайына жергілікті атқарушы органдар бақылау жасауға міндетті.