$ 469.85  542.16  5.78

Балалар жүретін көшеде алабай бос жүр: Ақмола облысында иті үйректерді таланған иесі тек 43 мың теңге айыппұлмен құтылды

Ит иесіне бары-жоғы 10 АЕК (43 250 теңге) көлемінде ғана айыппұл салумен шектелді.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылындағы саяжай массивінде бос жүрген алабай ит тұрғындардың үрейін ұшырып, жергілікті тұрғынның үйректерді талап тастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындар далаға шығудан қорықса да, ит иесі өз кінәсін мойындаудан басын ала қашып, жауапкершіліктен жалтармақ болған. Тек куәгерлер мен белсенді тұрғындардың араласуының арқасында УПП №18 учаскелік полицейлері иттің кімдікі екенін анықтап, айыптыны тапты.

Билік өкілдері болса, балалар өміріне қауіп төндірген бұл сорақы жағдайға бақылауды күшейтудің орнына, ит иесіне бары-жоғы 10 АЕК (43 250 теңге) көлемінде ғана айыппұл салумен шектелді. Жергілікті әкімдік пен құзырлы органдар ауыл ішіндегі иесіз немесе бос жүрген қауіпті иттердің мәселесін түбегейлі шешпей, елді мекендегі қауіпсіздікке салғырт қарап отыр.

Егер дәл мұндай жағдайда иттің аузына үйрек емес, көшеде ойын баласы түссе, бұл жауапсыздық үлкен қайғыға әкелері сөзсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0