Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қостанай облысы Әулиекөл ауылында көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, салдарынан ол мерт болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қостанай облыстық ПД бастығының орынбасары Ерлан Сералиннің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, "ВАЗ-21099" көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен, салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған.
Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.