06.08.2026, 16:40

Астананың қақ ортасында атпен жүрген блогер жазаланды

Фото: ЖИ

35 жастағы ер адам көлік жолы мен жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен атпен жүріп, тұрғындарға кедергі келтірген.  

Астана тұрғыны жарнамалық видео түсіру үшін елорда көшелерінде атпен серуендегеннен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

35 жастағы ер адам көлік жолы мен жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен атпен жүріп, тұрғындарға кедергі келтірген.

«Бәйтерек» монументі орналасқан ауданға бара жатқанда, ер адам жолай қиылыстардың бірінде жануар тротуарды ластап, жасыл желектерді таптаған. Бұл әрекеттер абаттандыру саласындағы заң талаптарын бұзды. Осы екі жағдай бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді Астана қаласы полиция департаментінің өкілдері.  

Тегтер: блогер Астана