06.08.2026, 20:30

«Қазақтелекомның» 2 бірдей қызметкері жұмыс барысында қаза тапты

Фото: sknews.kz

Екі жағдайда да оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары мен уәкілетті органдар дереу шақырылған. 

Байланыс саласындағы еңбек қауіпсіздігі мәселесі тағы да күн тәртібіне шықты. Тамыздың алғашқы күндері Жамбыл және Қостанай облыстарында «Қазақтелеком» АҚ-ның екі жұмысшысы қызметтік міндетін атқару үстінде қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алғашқы қайғылы оқиға 4 тамызда Таразда арнайы техниканы пайдалану кезінде болса, келесі күні Әулиекөл ауданында байланыс бағандарында жұмыс істеп жатқан маман көз жұмған.

Екі жағдайда да оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары мен уәкілетті органдар дереу шақырылған.

«Екі оқиға да «Қазақтелеком» АҚ үшін ауыр қайғы болды. Жұмыскерлердің қауіпсіздігі компанияның басты басымдығы болып саналады және солай болып қала береді. Компанияда еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша шаралар кешені тұрақты түрде іске асырылуда. Сонымен бірге, осы оқиғалардың қорытындысы бойынша мән-жайларға қосымша талдау жүргізілуде, қолданыстағы бақылау шаралары күшейтілуде және болашақта мұндай қайғылы оқиғаларға жол бермеуге бағытталған қосымша алдын алу шаралары іске асырылып жатыр», - делінген хабарламада.

Компания каза тапқандардың отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына өзінің терең қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті қолдау көрсетіледі.

Қазіргі уақытта екі факт бойынша да уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен тергеу жүргізілуде. Компания болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға толық көмек көрсетіп жатыр.