Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті мәлім етті.
Былтыр күзде елордадағы тұрғын үйде кірпіш қаптамасының құлауы салдарынан мерт болған Ұлдана Мырзуанға қатысты істі сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
— Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды, - делінген Полиция департаментінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Сонымен қатар Астана сотының баспасөз қызметі сот отырысының өтетін күні әлі белгіленбегенін хабарлады.