Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Король жеделхатта Мемлекет басшысының Бельгияның Ұлттық күніне орай білдірген жылы лебізіне шынайы ризашылығын жеткізген.
Сондай-ақ Король Филипп биыл Президенттің шақыруы бойынша Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанын атап өткен.