$ 469.93  541.64  5.71

Қазақстан азаматтығын алуға тест қашан өтетіні белгілі болды

Үміткерлер қазақ тілін меңгеру деңгейі, Конституция негіздері және Қазақстан тарихы бойынша білімін тексереді.

Фото: ЖИ
Фото: ЖИ

Қазақстанда Республика азаматтығын алуға үміткерлерге арналған тестілеуге өтініш қабылдау 10–20 тамыз аралығында жүргізіледі. Ал емтихан 22 тамызда өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайты немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.

Тестілеу үш бөлімнен тұрады. Үміткерлер қазақ тілін меңгеру деңгейі, Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан тарихы бойынша білімін тексереді.

Атап айтқанда:

  • қазақ тілі – 30 тапсырма, ең төменгі шекті балл – 15;
  • ҚР Конституциясының негіздері – 40 тапсырма, шекті балл – 20;
  • Қазақстан тарихы – 30 тапсырма, шекті балл – 15.

Тестілеуден ең көп дегенде 100 балл жинауға болады. Сынақтан сәтті өту үшін кемінде 50 балл алу қажет.

Тапсырмаларды орындауға 2 сағат 10 минут беріледі. Мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша 30 минут қарастырылған.

Тестілеуге қатысу құны: 14 693 теңге.

Дайындық деңгейін тексергісі келетіндер үшін сынама тестілеу де қолжетімді. Оның құны 3 355 теңге. Сынама тестті Ұлттық тестілеу орталығының сайтындағы «Сынама тестілеу» бөлімінен тапсыруға болады.

Емтиханды өткізу тәртібі туралы толық ақпарат Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтындағы «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде жарияланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0