11.08.2026, 10:55

Қарасай ауданындағы электр дауы: Әкімдік жекеменшік трансформаторларды неге тексермейді?

коллаж: Sn.kz

Халық ай сайын қымбат тарифпен ақша төлегенімен, үйлеріне тиісті 220 вольт қуат мүлдем жетпейді.

 

Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғындары жекеменшік трансформаторлардың кесірінен жарықсыз әрі сапасыз тоққа телміріп отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Халық ай сайын қымбат тарифпен ақша төлегенімен, үйлеріне тиісті 220 вольт қуат мүлдем жетпейді. Тұрғындар өрт қаупі жоғары желілердің техникалық жағдайына ешкім кепілдік бермейтінін айтып дабыл қағуда.

Жергілікті әкімдік пен құзырлы органдар жекеменшік иелерін тексеруді мүлдем ұмыт қалдырған сыңайлы. Биліктің бұл немқұрайлылығы қарапайым халықтың ашу-ызасын тудырып, тұрғындардың шыдамын шегіне жеткізді. Мәселе шұғыл араласуды және жауапты мекемелердің қатаң бақылауын талап етеді.