$ 466.08  538.56  5.65

Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айтты

Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

-Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты, - делінген хабарламада. 

Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, Колумбияда 10 тамызда елдің батысында болған 7,4 балдық жер сілкінісінен кейін ұлттық апат режимі жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0