$ 466.08  538.56  5.65

Астана-Петропавл тасжолында жол апатынан қаза болғандар Германия азаматтары болып шықты

Қайтыс болған ерлі-зайыптының тоғыз жастағы қызы да жол апатынан зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Осыған дейін мәлім болғандай, 10 тамызда Астана-Петропавл автожолының 97-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы мен ГАЗ-53 жүк көлігі соқтығысқан. Жол апатынан екі адам қаза тауып, сегіз адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді. Оқиғаның жаңа мәліметтерін Ақмола облысының полиция департаменті жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Полицияның мәліметінше, қаза болғандардың екеуі де Германиядан келген ерлі-зайыпты болған. Ер адам Mercedes-Benz Sprinter көлігінің алдыңғы жолаушы орнында отырған. Апаттан кейін оны көліктің ішінен құтқарушылар алып шыққан. Ал әйелі алған ауыр жарақаттарынан кейін ауруханада көз жұмған.

Қайтыс болған ерлі-зайыптының тоғыз жастағы қызы да жол апатынан зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Осылайша, бір отбасының мүшелері жол апатынан қаза тауып, кішкентай қыздары медициналық көмекке мұқтаж болған.

Жалпы, Mercedes-Benz Sprinter көлігінің тағы жеті жолаушысы мен ГАЗ-53 көлігінің бір жолаушысы түрлі жарақат алған. Олардың барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Mercedes-Benz Sprinter көлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нәтижесінде жол апатының нақты себептері анықталып, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0