Тараптар жоғары деңгейдегі күн тәртібін мазмұнды түрде қалыптастыру мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен "G20" саммитіне қатысады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Пол Капурмен кездесуінде айтылды.
Саммит 2026 жылдың желтоқсанында Майами қаласында өтеді. Кездесуде іс-шараға дайындық мәселелері қаралды.
"Осыған байланысты тараптар жоғары деңгейдегі күн тәртібін мазмұнды түрде қалыптастыру мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендерін білдірді", - деп жазылған Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.
Кездесу барысында Көшербаев пен Капур екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың перспективаларын да талқылады.
Су ресурстарын басқарудың жаһандық архитектурасын нығайту жөніндегі Қазақстанның бастамасына, оның ішінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі ретінде Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасына ерекше назар аударылды.