$ 465.19  536.55  5.61

«Ашылуы – дабыра, есігі – тарс жабық»: Ақтөбе облысындағы өрт сөндіру бекетінің жыры

Іште өрт сөндіру көлігі тұрғанымен, бірде-бір қызметкер болмаған.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Ақтөбе облысы Бәйғанин ауданының Ноғайты ауылында 1 тамыз күні жаңа өрт сөндіру бекеті салтанатты түрде ашылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алайда арада сегіз күн өткенде, 9 тамызда жергілікті тұрғынның шөбі өртеніп, ауылдықтар көмек сұрап келгенде бекеттің есігі тарс жабық болып шықты. Іште өрт сөндіру көлігі тұрғанымен, бірде-бір қызметкер болмаған.

Ал аудан әкімі Айбек Көпенов бұл жағдайға байланысты демеушілер салған нысанның әлі де балансқа алынып жатқанын, бекетке енді 2 штат бөлінетінін айтып ақталды. Толық дайын болмаған нысанды халыққа «іске қосылды» деп неге асығыс есеп бергені – әкімдік тарапынан жауапсыз қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0