$ 465.19  536.55  5.61

Мектеп киім алуға шыққан: Шымкентте анасы мен 2 баласы жол апатынан қаза тапты

Шымкент қаласының полициясы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Апат салдарынан 44 жастағы әйел, оның жақында оқу орнына түскен қызы және 11 жастағы жиені көз жұмған, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Марқұм 11 жастағы баланың анасы бастапқыда ұлымен бірге бір көлікте отырған. Алайда жолай кішкентай қызы жылай бастаған соң, әйел күйеуінің көлігіне ауысқан. Ал 11 жастағы бала алғашқы көлікте қалған.

Марқұм әйелдің Астанада тұратын әпкесі де өз қызымен бірге басқа көлікте келе жатқан.

«Шымкент қаласының полициясы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0