$ 465.19  536.55  5.61

Қонаев маңында 18 бала отырған автобус қиын жағдайға ұшырады

Автобуста барлығы 27 жолаушы болған.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қонаев қаласының солтүстік жағалауында жолаушылар автобусы лайға батып, бөгеліп қалған. Оқиға «Лазурный берег» демалыс орнының маңында болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Автобуста барлығы 27 жолаушы болған. Оның 18-і – балалар.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жіберілді. Мамандар автобусты лайдан шығарып, көліктің әрі қарай жүруіне мүмкіндік жасады.

Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0