$ 465.19  536.55  5.61

«Мен сені адам танымастай қылып тастаймын»: Бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашқан күдікті ұсталды

Қоғамдық ұйымдар мен туыстарының мәліметінше, ерлі-зайыптылар бес жыл бұрын ажырасқан.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Шымкентте бес жыл бұрын ажырасып кеткен бұрынғы жұбайы кездесуге алдап шақырып, бетіне қышқыл шашып кеткен әйел ауыр халде ауруханаға түсті. Полиция күдіктіні ізін суытпай Алматы қаласында ұстап қамауға алды, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Қоғамдық ұйымдар мен туыстарының мәліметінше, ерлі-зайыптылар бес жыл бұрын ажырасқан. Сұлулық салонында жұмыс істейтін әйел баласына алимент талап еткенімен, бұрынғы күйеуінен мардымсыз төлем (шамамен 10 мың теңге) алып келген. Ортақ балалары мектепке барған соң бұрынғы күйеуі қайта келіп, алименттен бас тартуды талап етіп мазалаған.

Қылмыс жасалған күні күдікті басқа нөмірден хабарласып, өзін шұғыл түрде демалысқа ұшып кеткелі жатқан «клиент» ретінде таныстырған және әйелді түнде қабылдауға көндірген. Жолда оны арнайы киім киген күйі канистрдегі қышқылмен торуылдап жүріп қасақана шашып жіберген. Салдарынан әйелдің мойны, беті, қолдары, кеудесі, арқасы мен иығы қатты зақымданып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.  Жәбірленушінің айтуынша, қышқыл төгілгеннен кейін киімінің терісімен бірге еріп жатқанын өз көзімен көрген, ал шабуылдаушы бұл сәтте оған «Мен сені адам танымастай қылып тастаймын» деп айқайлаған.

Орын алған жайтқа байланысты Қаратау аудандық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті сол күні Алматы қаласында анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Департамент басшылығының ерекше бақылауында, – делінген ресми хабарламада.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0