Ол онда «ерекше балалардың кванттық әлемде рухы байланып қалғанын» айтып, ел назарын өзіне аударған болатын.
Танымал тележүргізуші Гүлмира Әбіқай журналист Жанар Байсемізге үндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Естеріңізде болса, бұған дейін журналист Жанар Байсеміз «Нұр-Мүбарак» университетінің профессоры Мұхитдин Исаұлынан сұхбат алған еді. Ол онда «ерекше балалардың кванттық әлемде рухы байланып қалғанын» айтып, ел назарын өзіне аударған болатын.
Оның сөзінше ЗПР, ЗПРР, аутизм, ДЦП және Даун синдромы қойылған балалардың рухы кванттық әлемде байланған. Оның айтуынша, мұндай диагноз әсіресе қалада тұратын ата-аналардың балаларында жиі кездесетін көрінеді. Сөзінше, мұндай ерекшелік балаларға құрсақта жатқаннан беріледі. Сондай-ақ ол ауылдағы ата-аналардың балаларында мұндай сырқат түрлері сирек кездесетінін жеткізген. Себебі «ауылда рухы таза адамдар тұрады» деді ол.
Десе де, көпшілік оның бұл ойына қарсы шыққан. Олар «әсіре» діншілдерді бұл тақырыпқа араласпауын сұраған.
Журналистің бұл қонағының пікірімен журналист Гүлмира Әбіқай да келіспейді. Ол Жанар Байсемізге сұхбатқа тек білікті спикерлерді шақыруға, діншілдерден сұхбат алмауға кеңес берген.
