$ 465.08  536.52  5.56

Астанада автобус самокат мінген жасөспірімді қағып кетті

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 13 тамызда болған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Астанада Түркістан көшесінде қауіпті жағдай болды. Үш самокатшы арнайы автобус жолағымен қарсы бағытта жүріп, қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Олардың біреуі автобустың астына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің сөзінше, оқиға автобус аялдамаға жақындаған кезде болған. Қоғамдық көліктің алдынан жоғары жылдамдықпен үш жасөспірім шығып, жылдамдықтарын бәсеңдетпестен автобус пен бордюрдің арасындағы тар жерден өтуге тырысқан.

Екі самокатшы автобустан өтіп үлгерген. Алайда үшіншісі қоғамдық көлікпен соқтығысып, дөңгелектің астында қалған. Соққыдан автобустың алдыңғы әйнегі сынып, самокаттың дөңгелегі жаншылған.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 13 тамызда болған.

«Yutong» маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Түркістан көшесіндегі аялдамаға кіре берген кезде қарсы бағытта арнайы автобус жолағымен қозғалып келе жатқан самокатшымен соқтығысқан», — деп хабарлады полиция.

Жасөспірім аман қалған. Оны жедел түрде ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер тексергеннен кейін медициналық көмек амбулаторлық жағдайда көрсетіліп, жасөспірім үйіне жіберілген.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1