14.08.2026, 12:20

Қырғызстан президенті екінші мерзімге сайлауға түсуге ниетті екенін айтты

Фото: president.kg

Бұл туралы ол журналист Али Токтакуновқа берген сұхбатында айтқан.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров кезекті президенттік сайлауға қатысып, екінші мерзімге түсу ниеті бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

24.kg ақпаратына қарағанда, бұл туралы ол журналист Али Токтакуновқа берген сұхбатында айтқан.

«Мен тағы бір мерзімге сайлауға түсіп, жұмысты жалғастыруға ниеттімін. Сайлауға кім қатысқысы келсе,  қатыса берсін. Ешкімді шектемейміз», — деді Садыр Жапаров.

Айта кетейік, Қырғызстанда кезекті президенттік сайлау 2027 жылдың 27 қаңтарында өтуге тиіс.

Садыр Жапаров 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен мерзімнен тыс сайлауда президент болып сайланған еді. Ол кезде ОИК-тің ресми мәліметі бойынша сайлаушылардың 79,2 пайызы дауыс берген. Инаугурация рәсімі 2021 жылы 28 қаңтарда өтті.