$ 465.08  536.52  5.56

Степногорскіде 20 адамды үй алып беремін деп алдаған әйел 4,5 жылға сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Фото:  Ult.kz
Фото: Ult.kz

Степногорскіде тұрғын үй алып беруге уәде етіп, 20 адамнан 45 миллион теңгеден астам ақша алған әйел сотталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Прокуратураның мәліметінше, әйел 2023-2024 жылдары азаматтардың сеніміне кіріп, тұрғын үй сатып алуға көмектесетінін айтқан. Алайда оның бұл міндеттемені орындауға нақты мүмкіндігі де, ниеті де болмаған.

Соған қарамастан, ол тұрғындардан ақша алып, қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Тергеу барысында оның бұған дейін де ірі көлемде бірнеше рет алаяқтық жасағаны анықталған. Қылмыстық әрекет салдарынан 20 адам жәбірленуші деп танылып, оларға келтірілген жалпы материалдық шығын 45 миллион теңгеден асқан.

Сот отырысында әйелдің кінәсі толық дәлелденді. Степногорск қалалық сотының үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0