$ 465.08  536.52  5.56

«Жолы ауыр екен»: Алматыда Канье Уэст концерті алдында жаңбыр құйып кетті (ВИДЕО)

Шамамен бір сағаттан кейін Орталық стадионда Канье Уэсттің концерті басталуы тиіс.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматының бірнеше ауданында тұрғындар қатты нөсер салдарынан ағаштар мен қоршаулардың құлағанын хабарлап жатыр,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қалада жаңбыр өте қатты жауып тұр.

Алматылықтар үшін бүгінгі сынақ мұнымен бітпейтін сияқты. Күндіз қалада ауқымды электр қуатының өшуі тіркелсе, енді ауа райы тағы бір қиындық тудырды.

Айта кетейік, шамамен бір сағаттан кейін Орталық стадионда Канье Уэсттің концерті басталуы тиіс. Қала аудандарында электр қуаты біртіндеп қайта беріле бастаған еді. Алайда дәл осы сәтте Алматыны найзағай ойнап, күн күркіреген қатты нөсер басты.

Бір қызығы, бүгінгі ауа райы болжамында жаңбыр жауатыны туралы ешқандай ескерту болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0