$ 464.02  536.18  5.54

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті келесі күнге шегерілді

Концерттің кейінге шегерілуіне қаладағы қолайсыз ауа райы себеп болған.

Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Алматыда америкалық рэпер Канье Уэсттің бүгін өтуі тиіс концерті ертеңге ауыстырылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Концерттің кейінге шегерілуіне қаладағы қолайсыз ауа райы себеп болған. Бүгін Алматыны қатты нөсер басып, бірнеше ауданда ағаштар мен қоршаулар құлағаны хабарланды.

Бұған дейін қалада ауқымды электр қуатының өшуі де тіркелген еді. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты концертті өткізу уақыты өзгертілді.

Осылайша, Канье Уэсттің Алматыдағы көптен күткен концерті ертең өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0