Талап етіп отырғандары аса таңсық дүние емес: көшені тегістеп, қалыпты өткел жасау және айналаны ретке келтіру.
Ақтөбе қаласындағы «Сарбаз» бау-бақша ұжымы, Ордалы көшесінің тұрғындары әкімдіктің енжарлығынан әбден мезі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Салықты уақытылы төлеп отырса да, үйлеріне апаратын дұрыс жолдың жоқтығынан жұрт қалың бұта мен шөптің арасымен қатынауға мәжбүр. Талап етіп отырғандары аса таңсық дүние емес: көшені тегістеп, қалыпты өткел жасау және айналаны ретке келтіру.
Бұған қоса, бұталардың арасында қарақұрт, жылан мен бұралқы иттер қаптап, тұрғындардың, әсіресе балалардың өміріне тікелей қауіп төндіріп тұр. Халық 109 қызметіне, ТҮКШ (ЖКХ) бөліміне, Алматы ауданының әкіміне және «E-өтініш» платформасына дейін арызданғанымен, шенеуніктер тарапынан ешқандай нәтиже болмай отыр.
Тұрғындар әкімдіктен мәселені қағаз жүзінде емес, іс жүзінде шешіп, сонымен бірге маңайдағы істен шыққан жоғары кернеулі ток желісін демонтаждауды талап етеді.
Видео: @aktobe_day