Әлеуметтік желіде Tele2-нің безлимитті тарифіне көңілі толмай, мәселені ашық айтқан қолданушының видеосы вирусты түрде тарауда.
Ақшасын толық төлеп, сапалы қызмет ала алмай отырған халықтың наразылығы қайта күшейді.
Әлеуметтік желіде Tele2-нің безлимитті тарифіне көңілі толмай, мәселені ашық айтқан қолданушының видеосы вирусты түрде тарауда.
Тұтынушының айтуынша, байланыс операторы 5G желісі бар деп қымбат тарифті сатқанымен, ол тұратын аумақта бұл интернет мүлдем ұстамайды.
Бұл — бір ғана адамның емес, мыңдаған қазақстандықтың басында бар реалды проблема. Ай сайын тариф бағасын өсіруді ұмытпайтын компания неліктен уәде етілген сапаны қамтамасыз ете алмайды?
Толық бағаны жинап алып, қызметті жартылай беретін оператордың бұл әрекеті халықтың қалтасына тікелей салмақ түсіріп отыр.
Видео: valeriadusken