15.08.2026, 17:30

Атырау облысында пойыз ер адамды қағып өлтірді

Фото: ҚТЖ

Оқиғадан кейін пойыз тоқтап, бұл учаскедегі қозғалыс белгілі бір уақытқа шектелді.

Қайғылы оқиға Аққыстау ауылында болды,деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиғадан кейін пойыз тоқтап, бұл учаскедегі қозғалыс белгілі бір уақытқа шектелді.

Көліктегі полиция департаменті осы жағдай бойынша пікір білдірді.

«Атырау станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол көлігінің қозғалысы  немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,- деп хабарлады олар.