Аймақта өткен ауқымды фестивалге бюджеттен 191,9 миллион теңге бөлініп, оның 131,9 миллионы инфрақұрылымға бағытталған.
Атырау облысында мемлекеттік бюджет қаржысын жұмсауға қатысты кезекті үлкен дау бұрқ етті.
Аймақта өткен ауқымды фестивалге бюджеттен 191,9 миллион теңге бөлініп, оның 131,9 миллионы инфрақұрылымға бағытталған. Алайда ұйымдастырушылар заманауи биодәретханалардың орнына жерді қазып, үстіне қарапайым ағаш әжетханалар тұрғыза салған. Атырау облысының әкімдігі бұл жағдайға тікелей жауапты, өйткені халық қаржысының осылайша мазаққа айналуы – жергілікті биліктің салғырттығы.
Азаматтар бір ағаш дәретхананың нақты нарқы қанша екенін және миллиондаған теңгенің қайда кеткенін ашық сұрап отыр. Біз Атырау облысы әкімдігінен және құзырлы тексеру органдарынан осы факті бойынша шұғыл ресми түсініктеме талап етеміз.