$ 464.02  536.18  5.54

Балқашқа барар жолдағы «адам емес, хайуандар» тастаған алып қоқыс: әкімдік қайда қарап отыр?

Онда ондаған метрге созылған қоқыс таулары бейнеленген: пластик шөлмектер, қораптар, пакеттер мен тамақ қалдықтары.

Фото: Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

 

Әлеуметтік желіде Балқаш көлінің Торанғалық кенті маңындағы жабайы жағалауда түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Онда ондаған метрге созылған қоқыс таулары бейнеленген: пластик шөлмектер, қораптар, пакеттер мен тамақ қалдықтары. Бейнежазба авторының айтуынша, онда төзгісіз иіс қолқаны атып, үйінділерді құстар мен жабайы жануарлар ақтарып жүр.

Тұрғындар бұл масқараға наразылық білдіріп, табиғатты ластағандарды сынға алды. Жергілікті билік бұл заңсыз полигонды тазалауға асығар емес. Бұл жағдай әкімдіктің табиғатты қорғауға және тәртіп орнатуға немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Халық осындай бассыздыққа қанша уақыт төзуі керек?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#қоқыс #Балқаш