$ 464.02  536.18  5.54

«Өзін өлтіргенге ұқсамайды»: Меркідегі әйел өліміне қатысты жаңа дерек шықты

"Мадинаның денесінің сау-тамтығы жоқ, сүйреп асып қойған сияқты".

Фото: threads.com
Фото: threads.com

Жамбыл облысы Меркі ауданында 8 айлық сәбиі бар жас келіншектің жұмбақ жағдайда қайтыс болуына қатысты жаңа мәліметтер айтылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін марқұмның отбасындағы жанжалдан кейін өз-өзіне қол жұмсағаны айтылған. Алайда оның жақындары бұл нұсқаға күмән келтіріп, өлімнің мән-жайын толық әрі жан-жақты тексеруді талап етіп отыр.

Марқұм қайтыс болар алдында құрбысына күйеуінен зорлық көргенін жазған. Атап айтқанда, әйел жолдасы оны «Барни» шоколадын жеп қойғаны үшін ұрып-соққанын айтып, ажырасу үшін ақша сұрағаны туралы хаттар тараған.

Оқиғаға қатысты марқұмның құрбысы әлеуметтік желіде жазба жариялап, оның денесінде көптеген жарақат болғанын мәлімдеді.

«Мадинаның денесінің сау-тамтығы жоқ, сүйреп асып қойған сияқты. Өзін өлтірген адамға ұқсамайды, шыны керек. Шашы қоқым-қоқым, аяғы сырылған. Арқасы сабалған, беті көкпеңбек», – деп жазды ол.

Қазіргі таңда марқұмның жақындары мен қоғам белсенділері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, өлімге қатысы бар адамдар болса, оларды заң аясында жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Меркі #әйел