$ 464.02  536.18  5.54

Маңғыстау әкімі «Қазақстан барысына» су жаңа автокөлік сыйға тартты

Жеңімпазды қарсы алу үшін Ақтау халықаралық әуежайына өңір тұрғындары көптеп жиналды.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

«Қазақстан барысы – 2026» атанған Жантілек Нұртілепұлы Ақтауға оралды. Чемпионды Маңғыстау жұртшылығы әуежайда салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жеңімпазды қарсы алу үшін Ақтау халықаралық әуежайына өңір тұрғындары көптеп жиналды. Олардың қатарында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай да болды.

Өңір басшысы Жантілек Нұртілепұлын тарихи жеңісімен құттықтап, оған Tiggo 8 автокөлігін табыстады.

Аймақ әкімдігінің мәліметінше, Жантілектің жеңісі Маңғыстау үшін тарихи оқиға болды. Ол өңір тарихында алғаш рет «Қазақстан барысы» атағын иеленіп, Маңғыстау қазақ күресін ел көлеміндегі ең беделді додалардың бірінде жоғары деңгейде танытты.

Елордада өткен финалдық белдесуде «Лабақ батыр» лақап атымен өнер көрсеткен Жантілек Нұртілепұлы жамбылдық Ғалымжан Қырықбайдан басым түсті. Чемпионды Мемлекет басшысы да арнайы құттықтаған болатын.

Сондай-ақ Жантілектің жеке бапкері Қайрат Иманғазиевке де автокөлік сыйға тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0