Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға және жыланға жақындауға немесе оны ұстап көруге болмайтынын түсіндіруге кеңес береді.
Соңғы бір айда Ақтөбе облысында жылан шаққан төрт бала зардап шекті. Екі жағдай Ақтөбеде, тағы екі жағдай Хромтауда болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінде жыландар биік шөптің арасында, тастардың және құрылыс материалдарының арасында жасырынуы мүмкін екенін ескертті.
Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға және жыланға жақындауға немесе оны ұстап көруге болмайтынын түсіндіруге кеңес береді.
· қалың шөпке, бұта арасына, тастардың немесе ағаштардың астына қол сұқпауын ескертіңіз;
· табиғатқа шыққанда жабық аяқ киім және ұзын шалбар кигізіңіз;
· балалар ойнайтын аумақты үнемі қарап, қалың шөпті уақытылы шабыңыз;
· шатыр, төсек-орын, киім және аяқ киімді пайдаланар алдында тексеріңіз;
· табиғатта жүргенде баланы қараусыз қалдырмаңыз.
Егер жылан шаққан болса, балаға тыныштық қамтамасыз етіп, мүмкіндігінше тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет.
· шаққан жерге жгут салуға; · жараны кесуге;
· шаққан жерді күйдіруге; · алкоголь беруге;
· өз бетінше ем қолдануға болмайды.