$ 464.02  536.18  5.54

Tarlan Astana LRT желісі мен автобустарда жүру 1 күнге тегін болады

Жол жүру ақысы Tarlan Astana LRT желісінде, қалалық автобус маршруттарында, экспресс-автобустарда және пригородтық бағыттарда тегін болады.

Фото: СTS
Фото: СTS

Астана қаласында 23 тамыз күні қоғамдық көліктерде жүру тегін болады. Жолақы төлеу міндеті автобустарда және Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігінде алынып тасталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тегін жүру мүмкіндігі бір күнге - Қазақстанның Құрылтай депутаттарын сайлау күніне енгізіліп отыр. CTS бұл шешімді сайлау учаскелерін қала тұрғындары үшін қолжетімді ету қажеттілігімен түсіндірді.

Жол жүру ақысы Tarlan Astana LRT желісінде, қалалық автобус маршруттарында, экспресс-автобустарда және пригородтық бағыттарда тегін болады.

Бұл шара азаматтардың қала ішіндегі қозғалысын ыңғайлы етуге және сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған, - деп хабарлады CTS компаниясы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0