Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлттық Тұтынушылар лигасының басшысы Светлана Романовская интернет қолданушылармен Түркияда болған келеңсіз жайт жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Тengrinews.kz.
«Біздің елдің екі қызы әзірбайжандық жігітке бола жаға жыртысқанының куәсі болдым. Полиция шақырдық. Тіпті, не айтарымды білмеймін. Бүкіл қонақүй 4 күннен бері осы жағдай жайлы айтуда» деп жазады Романовская өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында. Бұл оқиға Белек деген шипажайлы қалада орын алған.
Жазбасының астында депутат пікір білдіріп, өзі де төбелесті тоқтатпақ болып, қыздарды ажыратқанын жазады.
«Бұл оқиға қыздардың бірінің шешесіне де оңай тиген жоқ. Мен де төбелескендерді сабасына түсіруге тырыстым (бірақ видео жоқ)», дейді депутат.