$ 461.39  534.75  5.45

«Жағдайы ауыр»: Астанада баланы футбол алаңының жанында тоқ соқты

16 тамызда бала ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Астанадағы "Отау" тұрғын үй кешенінде футбол алаңының жанында ойнап жүрген баланы тоқ соқты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Желіде тараған видеода екі баланың футбол алаңының жанындағы тротуарда бір нәрсені шұқылап отырғанын көруге болады. Бірнеше секундтан кейін сымдардың тұйықталуы салдарынан өрт шыққан.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 16 тамызда бала ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен.

"Жағдайы ауыр, тұрақты. Бүгін пациент күйік бөлімшесіне ауыстырылды", - дейді дәрігерлер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0