$ 460.13  532.6  5.42

«Күйеуі ұрып, қолын сындырған»: Екі баланың анасы көз жұмды

Әйелдің өліміне қатысты ақпаратты «НеМолчиKZ» қоры жариялады.

Фото: «НемолчиKZ» қоры
Фото: «НемолчиKZ» қоры

Алматы облысында екі баланың анасы көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әйелдің өліміне қатысты ақпаратты «НеМолчиKZ» қоры жариялады.

Қорға марқұмның туыстары көмек сұрап жүгінген. Олардың айтуынша, қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын әйел күйеуінен соққы көріп, қолын сындырған.

«23 шілдеде күйеуі оны ұрып, қолын сындырған. 26 шілдеде ол өз-өзіне қол жұмсаған – әзірге ресми нұсқа осы. Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша жүргізіліп жатыр», – делінген желідегі жазбада.

Қор мәліметінше, марқұмның артында екі жасар егіз баласы қалған.

«26 шілде күні сіңлім өзіне қол жұмсады. 23 шілде күні күйеуі екеуінің арасында жанжал шығып, күйеуі оны қрып-соғып, қолын сындырған. Ұялып әрі ата-анамызды аяп, ол маған ештеңе айтқан жоқ. Өзіне қол салардан 1 сағат бұрын сіңлім маған осының бәрін айтып берді, егіз балаларын басқа бауырымызға қалдырып, артынша өзіне қол жұмсады», – делінген марқұмның туысының хатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0