$ 460.13  532.6  5.42

Қазақстанның әйгілі балетмейстер Эдуард Мәлбеков 85 жасында қайтыс болды

Эдуард Мәлбеков 1941 жылы Алматыда дүниеге келген.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстандық белгілі балетмейстер, хореограф әрі педагог Эдуард Мәлбеков 19 тамыз күні 86 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі хабарлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Эдуард Мәлбеков 1941 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік хореографиялық училищесін тәмамдаған. 1960-1984 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі болды. Оның орындауындағы айтулы партиялардың қатарында «Спартактағы» Красс, «Аққулар көліндегі» Ротбарт, «Жарқұстағы» Кащей және «Щелкунчиктегі» Дроссельмейер бейнелері бар.

1986-1988 жылдары Мәлбеков Селезнев атындағы хореографиялық училищені басқарды. Кейін оқу орнына көркемдік жетекші әрі педагог ретінде қайта оралып, балет өнерінің бірнеше буын өкілін тәрбиелеп шығарды. 2026 жылғы ақпанда училищеде Эдуард Мәлбеков пен оның жұбайы, балет әртісі әрі педагог Тамара Мәлбековованың 85 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті.

Эдуард Мальбеков хореограф ретінде де бірқатар қойылымға атсалысты. Оның сахналаған «Половец билері» училище репертуарына енді.

«Үлкен шеберден айырылдық. Оның есімі Қазақстан балет өнері мен біздің училищенің тарихында мәңгі сақталады», – деп жазды оқу орны әлеуметтік желідегі парақшасында.

1973 жылы Эдуард Мальбековке Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. Ол «Құрмет белгісі» орденімен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0