$ 458.23  535.99  5.46

«Қазанға дейін жол жөнделмесе, тасжолды жабамыз»: Атамекен тұрғындары әкімдікке талап қойды

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ақтау маңындағы Атамекен ауылының тұрғындары жылдар бойы шешілмей келе жатқан жол мәселесіне байланысты жергілікті билікке талап қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың сөзінше, жаңбыр жауса көшелер ми батпаққа айналып, шұңқырларға су толады, ал кей жерлерде көлік өткізу үшін жұрт ойықтарға кірпіш пен тақтайды өздері төсеп жүр. Олар жолды грейдермен тегістеу мәселені уақытша ғана шешетінін айтып, қазан айына дейін нақты шара қабылданбаса, орталық жолды жабуға дайын екенін мәлімдеген. Атамекендегі жол мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілген: Мұнайлы ауданының әкімдігі 2025 жылы «Жалын» тұрғын алабында 6,8 шақырым, «Туған елде» 9,3 шақырым, «Тамшалыда» 6,3 шақырым жолға асфальт төселетінін хабарлаған еді. Алайда тұрғындардың кезекті шағымы ауылдағы жол мәселесінің әлі де күн тәртібінен түспегенін көрсетіп отыр. Енді жұрт әкімдіктен кезекті уақытша тегістеуді емес, көлік пен жаяу жүргіншіге қолайлы тұрақты жол жасауды талап етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0