$ 456.88  534.64  5.47

Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Қайғылы оқиға 22 тамыз күні таңғы сағат 07:00 шамасында Қарабұтақ – Шымкент – Қызылорда тас жолында болған.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға 22 тамыз күні таңғы сағат 07:00 шамасында Қарабұтақ – Шымкент – Қызылорда тас жолында болған.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, КамАЗ бен Nexia маркалы автокөліктер соқтығысқан.

«Қазір тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Аталған дерек бойынша тиісті тергеу амалдары басталды. Істің барысы облыстық полиция департаментінің бақылауына алынды.

Әлеуметтік желіде жол апатынан көз жұмғандардың Өзбекстан азаматтары екені туралы ақпарат тарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0