24.08.2026, 10:00

Меркідегі қайғылы оқиға: Белсенді Мадинаның баласы туралы айтты (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. 

Қоғам белсендісі Меркіде қаза тапқан Мәдинаның артында қалған кішкентай баласының тағдырына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

Белсендінің айтуынша, олардың басты мақсаты — істің барлық мән-жайын анықтап, Мадиярдың әрекетіне заң аясында толық құқықтық баға берілуіне қол жеткізу. Сонымен қатар Мәдинаның баласын әжесінің қамқорлығына беру үшін барлық заңдық мүмкіндікті пайдаланбақ.

«Мадинаның артында кішкентай баласы қалды. Біздің мақсатымыз — істің ақиқаты анықталып, Мадиярдың әрекетіне заң аясында толық құқықтық баға берілуіне қол жеткізу. Сонымен қатар, баланы әжесінің қамқорлығына беру үшін барлық заңдық мүмкіндікті пайдаланамыз.

Мадина үшін де, оның артында қалған баласының болашағы үшін де соңына дейін күресеміз!», – деді ол.