$ 456.88  534.64  5.47

«Санкт-Петербург»: ШҚО-да жартасқа жазу жазып тастаған туристер жазаланды (ВИДЕО)

Оқиға куәгерлері болған жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысындағы Сібе көлі маңындағы жартасқа «Санкт-Петербург» деген жазу қалдырған шетелдіктерге айыппұл салынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға куәгерлері болған жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Жазба әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Көпшілік туристердің табиғи нысанды бүлдіргеніне алаңдаушылық білдірді.

Полиция құқық бұзушыларды анықтады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жартасты бүлдіргендер – шетел азаматтары.

Оларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды.

Құқық бұзушыларға 86 500 теңге көлемінде айыппұл көзделген. Сонымен қатар полицейлер туристермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шетел азаматтарына жартастағы жазуды өшіру міндеттелді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0