Бразилияның Парана штатындағы түрмеде шыққан бүлік салдарынан 4 сотталушы қаза тапты, деп хабарлайды «Қазақпарт» шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Билік өкілдерінің сөзіне қарағанда, көз жұмғандардың екеуінің басы шабылған.
Түрме әкімшілігіне наразылық білдірген шамамен 700 сотталушы жексенбі күні таңертең бүлік шығарды.
Қазіргі уақытта билік өкілдері бүлікшілермен келіссөздер жүргізуде. Бүлік шығарғандар түрменің шатырында тұтқын ретінде екі бақылаушы мен бірнеше сотталушыны ұстауда.