Өгей әке полицияға өзі хабарласып, жағдайды айтқан.
Түркістан қаласында өгей әкесі өзінің ұлы мен келінін өлтірген. Бұл туралы журналист Айка Айтаханова желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Журналистің айтуынша, ер адам мен әйелі Қызылордадан анасының жерлеу рәсіміне келген. Кейін әкесімен ортада жанжал туындаған.
Әкесі ұлы мен келінін өлтірген. Кейін полицияға өзі хабарласып, жағдайды айтқан.