Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен.
Сырты істер министрлігі Қазақстан азаматы Непалдан Қытайға өткеннен кейін жоғалып кеткені жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат поорталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен.
Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз. Хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жалғастыруда.