$ 464.77  541.36  5.41

Ақтауда жеті адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты

Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

30 тамызда Ақтау маңындағы Каспий теңізінің акваториясында жеті адам болған серуендеу катері жартасқа соғылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. 

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 22:56-да түскен. Катер 5А шағын ауданы маңындағы жартасқа соғылған.

Құтқарушылар бес адамды жағаға шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Алдын ала мәлімет бойынша, катердегі тағы екі адамның құтқару кеудешесі болмаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жағалаудан шамамен 500 метр жерден екі адамның денесі табылып, судан шығарылды.

Құтқару операциясына ТЖД-ның 35 қызметкері, төрт техникасы және төрт жүзу құралы жұмылдырылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, Апаттар медицинасы орталығы мен жедел жәрдем бригадалары да жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0