$ 462.31  536.09  5.34

Қырғызстанда ШЫҰ саммиті басталды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров саммитке келген мемлекет басшыларын жеке қарсы алды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бішкек қаласындағы «Ырыс Ордо» конгресс-холында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының саммиті басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жиынға Беларусь президенті Александр Лукашенко, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Иран президенті Масуд Пезешкиан, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және Ресей президенті Владимир Путин қатысып жатыр.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров саммитке келген мемлекет басшыларын жеке қарсы алды.

Ресми қарсы алу рәсімі мен дәстүрлі бірлескен фотосессиядан кейін делегация жетекшілері жиын өтетін залға жиналды. Саммит барысында ШЫҰ аясындағы өзекті мәселелер, ұйымның алдағы жұмысы және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық бағыттары талқыланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0