$ 462.31  536.09  5.34

«14 күн» фильмі «Астрал» мен «Өрмекші адамды» басып озды

27–30 тамыз аралығында картина 140 420 818 теңге жинаған.

Фото: Орда
Фото: Орда

Қазақстандық «14 күн» фильмі прокаттағы алғашқы уикендінде касса бойынша көш бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

27–30 тамыз аралығында картина 140 420 818 теңге жинаған.

Freedom Ticketon ресми Box Office дерегіне сәйкес, екінші орында «Астрал 6» – 139 674 362 теңге, ал үшінші орында «Өрмекші адам: Жаңа күн» – 134 882 082 теңге жинаған.

Отандық комедия алғашқы демалыста танымал хоррор мен голливудтық фильмді басып озды. Айта кетейік, «Өрмекші адам» прокатта төртінші апта көрсетіліп жатыр және бұған дейін жалпы кассасы 2 млрд теңгеден асқан.

Үздік ондыққа сондай-ақ қазақстандық «Болған оқиға 2» (94,8 млн теңге), қайта көрсетілімге шыққан «Хәрри Поттер» (90,9 млн теңге) және «Одиссея» (78,8 млн теңге) енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#фильм #табыс