$ 462.31  536.09  5.34

«Шашынан жұлып, құлағынан тістеген»: Алматы облысында үш ересек адам 16 жастағы баланы ұрды деп айыпталды

Әзірге полицияның оқиғаға қатысты ресми мәліметі жарияланған жоқ.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Алматы облысының Қошманбет ауылында үш ересек ер адам 16 жастағы Бегарысты соққыға жықты деген ақпарат тарады.

Жасөспірімнің айтуынша, ол көшеде мал айдап келе жатқанда жол бойында отырған үш азаматпен сөзге келіп қалған. Бегарыс ер адамдардың бірі шашынан жұлып, басынан ұрғанын, ал екіншісі құлағынан тістегенін айтады.

Оқиғадан кейін жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілген. Баланың анасы күдікті азаматтардың бостандықта жүргеніне алаңдап, істің әділ әрі жан-жақты тергелуін талап етіп отыр.

Әзірге полицияның оқиғаға қатысты ресми мәліметі жарияланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0