$ 458.45  531.39  5.29

Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

 

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылында былтыр ғана пайдалануға берілген жаңа мектептің жертөлесін бірнеше айдан бері су басып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мектеп басшылығының айтуынша, мәселе жазда, оқушылар демалыста жүрген кезде де тоқтамаған. Шілде айында жертөледен 100 тонна су сорғызылғанымен, жағдай өзгермеген. Қазір құбырлардан су үздіксіз тамшылап, жертөленің қабырғалары сыз тартып, сылағы түсе бастаған. Мектепте 370 бала оқиды, ал мамандар мәселенің себебі құбырлардың дұрыс орнатылмауынан болуы мүмкін екенін айтқан. Бір жыл өтпей жатып жаңа ғимараттан мұндай ақаудың шығуы құрылыс сапасы мен нысанды қабылдау кезінде бақылау қаншалықты жүргізілген деген сұрақ туғызады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#мектеп