$ 458.45  531.39  5.29

Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ақтөбедегі Нұр Сити аумағының 1-шағын ауданындағы №28 үйдің тұрғындары үй маңындағы жолдың жағдайына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарияланған видеода асфальттың ойылып, жолдың бірнеше жерінде ірі шұңқырлар пайда болғаны көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, бұл мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді және жолдың қазіргі жағдайы көліктерге зақым келтіруі мүмкін. Олар Ақтөбе қаласының әкімдігінен жолға жауапты мекемені анықтап, учаскені тексеруді және қыс түскенше жөндеуді талап етіп отыр. Сондай-ақ жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, қабылданған шаралар туралы жұртшылыққа ақпарат беруді сұраған. Күн сайын осы жолмен қатынайтын тұрғындар енді мәселенің нақты қашан шешілетінін білгісі келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0