Атырауда Қызыл кітапқа енген өсімдіктің жайқалып өсуіне екі оқушы қыз себепкер болды. Жеткіншектер лалагүлдің тұқымын өзенге сеуіп, аталған аумақ күтпеген жерден тамаша көрініске айналған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тасқала ауылының тұрғыны былтыр 12 жастағы қызына лотостың тұқымын Қытайдан тапсырыс беріп алдыртқан. Оқушы алғашында гүлді ауласына өсірмек болған. Алайда тақыр жерде тамыр жаймапты. Артынша Айым Жангелді 11 жастағы құрбысын алып, тұқымды Перетаска өзеніне шашқан. Арада бір жыл өткенде су беті жайқалған лотосқа толған. Табиғатқа бейімделген өсімдіктің бұдан әрі қаншалықты кең таралатыны әзірге белгісіз. Сондықтан бұл аумақты мамандар бақылауға алды. "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері қазір экологиялық бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
“Мама Қытай маркетплейінде жұмыс істейді. Сөйтіп қызығып лотос гүліне Қытайдан тапсырыс бердік. Үй жағдайында өсіргіміз келді. Өспеді. Сосын Кеңөзекке шаштық. Шөптері жайлап шығып тұрды”, – дейді Айым Жангелді.
Оқушының айтуынша, алдымен жапырақтары пайда болған, кейін гүлдеді дейді ол.