Оқиға кезінде вагонда 36 жолаушы болған, оның 13-і – бала.
Түркістан облысына бағыт алған №8 «Саратов – Алматы» жолаушылар пойызының бір вагоны Жаңақорған – Түркістан теміржол учаскесінде рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға кезінде вагонда 36 жолаушы болған, оның 13-і – бала.
Алдын ала мәлімет бойынша, вагон рельстен шыққан сәтте дәретханада болған әйел басынан жарақат алған.
Сондай-ақ көрші вагондағы бала үстіне қайнаған су төгіліп, күйік шалған.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, оқиға техникалық себептерге байланысты болған, ал көліктегі полиция қылмыстық іс қозғап, апаттың нақты себебін анықтап жатыр.
Жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша пойыз ұйымдастырылып, оқиға орнына қалпына келтіру пойызы жіберілген.